Интернет-дүкен клиенттері үшін ақпарат

Интернет-дүкеннің электронды каталогы бойынша филателия өнімдеріне тапсырысты төлем карточкасы арқылы жүзеге асыра аласыз.

Осы қызмет түрінің ерекшеліктері мен артықшылықтары:
•    Электронды каталог бойынша филателия өнімін таңдауы
•    Тапсырыс пен төлем түрлерінің  ыңғайлығы
•    Тауардың тез жеткізуі
•    Сапа кепілі және қызмет көрсетудегі сенімділігі

Тауарға тапсырыс жасағанда, жеткізу мекенжайын көрсетіп, жеткізу мен төлем  түрін өзіңіз таңдайсыз.
Қолданыстағы пошта шектеуіне байланысты бір тапсырыс 18000 теңгеден және 105 маркадан немесе 20 пошталық карточкасынан (бұдан әрі - ПК) аспауы тиіс. 
«Қоржынға» (В корзину) батырмасын басқанда, сіз таңдаған позицияңыз, шартты түрде  «Тапсырыс беруші қоржыны» (Корзина заказчика) деп аталатын тізімге орналасады,.
Керек емес тауарды өшіру үшін, тінтуірдің сол жақ батырмасымен қоржынның сызылған суретіне басыңыз.
Тапсырысты рәсімдеу пошта жөнелтуіне дейін 10 жұмыс күнінен артық емесемес (форс-мажорлық жағдайларға байланысты ұлғаюы мүмкін).

Ескерту: пошталық маркаларына  және карточкаларына  тапсырыс берген кезде, пошталық карточкалардың бағасы тапсырыс түрінде көрсетілмеуі мүмкін, алайда ол тапсырыс  көлемінде ескеріледі.

Интернет-дүкен қызмет көрсетуі сұрақтары бойынша Пошта төлем белгілерінің басқармасы телефоны:
+7(727) 259-88-99 (iшкi. 20196) немесе
Е-mail: ipashintseva@kazpost.kz арқылы хабарласыңыз.


Жеткізу түрлері

Жеткізу Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүзеге асырылады.
Жер үсті поштасымен Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу құны - 500 теңге, Қазақстан Республикасынан тыс жерлеріне - 2 400 теңге.
Әуе поштасы арқылы Қазақстан Республикасынан тыс жерлеріне жеткізу құны – 2 600 теңгені құрайды.


Төлем

Сіз таңдаған жеткізу түріне сәйкес, сіз төлеуге тиіс болатын қорытынды сома байланысты болады. Барлық бағалар Қазақстан теңгеде көрсетілген.
Тапсырысты тек EPAY төлем жүйесі, Visa International, EuroPay (MasterCard / Eurocard) кредит карталары арқылы алдын ала төлемімен жүзеге асыра аласыз.